Сыр елінде жаңа су қойма салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын қайталанатын қуаңшылықтан құтылу мақсатында Қызылорда өңірінде су қоймасы салынатын болды. 

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Бұған диқандар қуанып отыр. Елде су нысандарының экологиялық тепе-теңдігі сақталмайды. Гидрологиялық инфрақұрылымдардың ескіруі және арналардың тазартылмауы тіршілік нәрінің тапшылығына әкелген. Осы мәселелер ел Президентінің Жолдауында нақты әрі дер кезінде айтылды, дейді су шаруашылығы мамандары. 

Саланы цифрландырып, қажетті гидромамандар тобын даярлау кезек күттірмес мәселе. Жергілікті университеттің оқытушы құрамы Швейцария ғалымдарымен бірігіп сапалы маман дайындауға кіріспек. 

Су маманы ретінде ауыл шаруашылығы егістіктерін сумен қамтамасыз ету үшін су каналдарын реконструкциялау керек. Ол жақта 40% су ысырап болып жатыр. Өйткені ашық каналдармен су жеткізіледі егіске. Осы мәселені қолға алуымыз керек. Президент Жолдауында бұл туралы толық айтылды, - деді техника ғылымдарының кандидаты Бақытжан Шаянбекова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы