Сынып жетекшісінің негізгі міндеті қандай?

Қазақстан мектептерінде пән мұғалімдері сабақ берумен қатар, сынып жетекшілігін де қатар алып жүреді. Бұл – қосымша жауапкершілік. Сонымен BAQ.KZ тілшісінің материалынан сынып жетекшісінің міндеттері қандай екенін біле жүрейік.

Сынып жетекшісі деген кім?

Сынып жетекшісі – оқушылардың тәрбиесімен айналысатын, ата-анамен байланыс орнататын, сыныптағы ахуалды бақылап, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мұғалім. Ол мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады.

Сынып жетекшінің басты міндеттері:

  • Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу;
  • Отанды сүюге, табиғатты қорғауға, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Сыныпта достық пен түсіністік орнату;
  • Балалардың жауапкершілігін арттыру және ұжымда жұмыс істеуге үйрету;
  • Оқушылардың тұрмыс жағдайын білу;
  • Ата-аналармен тұрақты байланыста болу (жиналыстар, кеңестер, тренингтер өткізу);
  • Әр аптада сынып сағатын өткізу;
  • Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі туралы ата-аналармен жұмыс істеу;
  • Мектеп әкімшілігін сыныптағы тәрбие жұмысының барысымен хабардар етіп отыру.

Сынып жетекші қандай жұмыстар атқарады?

  • Ұйымдастыру: жылдық жұмыс жоспарын жасау;
  • Анализ жасау: әр оқушының ерекшелігін зерттеу, сыныптың үлгерімін бақылау;
  • Қарым-қатынас орнату: мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасында байланысты нығайту;
  • Бақылау: оқушылардың сабаққа қатысуын, киім киісін, психологиялық күйін бақылау.

Жұмыс формалары:

  • Жеке жұмыс: жеке әңгімелесу, кеңес беру;
  • Топтық жұмыс: оқушыларды шағын топтарға бөліп, белсенді ету;
  • Ұжымдық жұмыс: сыныппен бірге іс-шаралар өткізу (жарыстар, концерттер, жорықтар және т.б.).

Қашықтан оқу кезінде сынып жетекшісі ата-аналарға оқыту процесі туралы ақпарат беріп, балалармен кері байланыс орнатуға көмектеседі.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі "Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін қанша төленеді?" деген сұраққа жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы