Сынақтарға дайын болуымыз керек. Перуашев партия мүшелерінің көзқарасы туралы айтты

Партия кез келген сынаққа дайын болуы керек. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Перуашевтің сөзінше, партия – ол тірі организм, қоғамдық қозғалыс. 

Партияның 300 мың мүшесі бар. Кейде кейбір мүшелеріміздің көзқарасы басқаша болып өзгеруі мүмкін. Әсіресе, соңғы кездері көршілерімізде басталған оқиғаларға байланысты «сол кісілердің» өз пікірі болуы мүмкін. Әрине мұндай сынақтарға да дайын болуымыз керек. Сынақты көрмейтін, оған кездеспейтін саяси ұйым болмайды, - деп айтты партия төрағасы журналистерге берген сұхбатында.

Перуашев атап өткендей, мәселе – сынақта емес, бастысы саяси ұйым не партияның одан қалай өтетіндігінде. 

Меніңше, «Ақ жол» партиясы осы сынақтан абыроймен өтіп жатыр. Керісінше, өз ұстанымының нық екенін тағы да көрсетті, - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін соғысты қолдаған Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы