"Сылтау іздемеймін": Ислам Евлоев Эр-Риядтағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы 87 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол Иран балуаны Голамреза Фаорхисенджаниге есе жіберді.
Бұл жарысқа алтын алу мақсатымен дайындалдым. Әрине, екінші орын – күткен нәтиже емес. Бірақ бұл менің жолымның соңы емес. Барлығы енді басталады. Өз мүмкіндігімді әлі толық көрсетемін, – деді Евлоев марапаттау рәсімінен кейін.
Оның айтуынша, турнир алдында алған жарақаттары толыққанды дайындалуға кедергі болған. Дегенмен, ол бұған қатысты сылтау айтқысы келмейтінін және төрешілікке байланысты да пікір білдірмейтінін атап өтті.
Жарақаттар болды, оларды емдеуге тура келді. Сол себепті 100% дайын болдым деп айта алмаймын. Маусым қиын өтті. Бірақ әлем чемпионатында толық формада болатыныма сенімдімін, – деді Евлоев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркия президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы