Сығанақ көшесіндегі учаске ішінара жабылды
Нұр-Сұлтан қаласының «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сығанақ көшесіндегі ағымдағы жөндеу бойынша жол төсемін жөндейтінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 19 тамызында «Арыс» М-3 көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы