Елді "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте істеймін" деп алдаған алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Түркістан облысында елді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің қызметкерімін деп алдап келген азамат ұсталды. Аталған тұлға алаяқтық жасау дерегі бойынша күдікке ілінді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жеке қауіпсіздік департаменті Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша Департаменттерімен бірлесіп, алаяқтық әрекет жасауда күдікке ілінген азамат М.Т. Ташовтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, ескі үлгідегі жасанды қызметтік куәлікті қолданып келген.
14 мамырда Ташов өзін Арман Иманбаев деген ойдан шығарылған есіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, азамат М.-нің телефонын алаяқтық жолмен иемденген. Кейін күдікті жасырынған. Зардап шегуші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне хабарласты. Оның өтініші ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелді, - делінген хабарламада.
Сол күні сағат 22:00-де жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан қаласына кіреберісте Түркістан облысы Жетісай ауданының тумасы, жұмыссыз Мейірхан Теміртайұлы Ташов ұсталған. Одан Ташовтың фотосы жапсырылған, офицердің ойдан шығарылған есімімен жалған қызметтік куәлік тәркіленді.
Осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин: Елордадан кіріп-шығуға кімдерге рұқсат берілді?
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы