Сыбайлас жемқорлық. Жамбылда 100-ден астам қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Камал Қабылбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Жыл басынан бері 117 қылмыстық іс тергелді. Оның ішінде 52-сін департаменттің өзі тіркеді. 28 іс қалған органдардың бастамасымен тіркелді. Бірінші тоқсанда айыптау актісімен 15 адамға қатысты 11 қылмыстық іс аяқталды. 22 қылмыстық іс тоқтатылды. Анықталған залал сомасы 389 млн теңгені құрады. Оның 97 пайызы мемлекетке қайтарылды, - деді ол.

Қабылбеков алғашқы тоқсанда үшбуынды модель бойынша бірінші тоқсанда 90 процестік шешім қабылданғанын айтты. 

Күдікті ретінде тану туралы 26, оның әрекетін саралау туралы 20, тергеу мерзімін тоқтату туралы 10 іс тіркелді. Сонымен қатар қылмыстық істер аясында мемлекеттік органдарға 17 ұсыну енгізілген, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы