Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу әр адамның қолынан келеді – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты.
Цифрлық технологияларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға және адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді. Елорда әкімдігі кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне ішкі бақылауды күшейтті, - деді Алтай Көлгінов.
Әкім айтқандай, жұмыс ең алдымен жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмауға әрі жоюға бағытталуы керек.
Себебі тек алдын алу шараларымен және алғышарттарды жоюмен ғана сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ пара алу немесе беру ниетін болдырмауға болады. Бәрі де ұсақ-түйектен басталады. Еңбекке жарамсыздық қағазын сатып алу, жұмысқа орналасуға көмек секілді мысалдарды айтуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу әр адамның қолынан келеді. Заңсыз әрекеттің тәуекелдерін төмендетуде цифрлық технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады, - деді Көлгінов.
Қала әкімі білім беру, денсаулық сақтау, көлік салаларында оңтайландыру жүргізілді: мектептегі тамақтандыруда мемлекеттік сатып алуды автоматтандыру, денсаулық паспорттарын 100% цифрландыру, медициналық анықтамаларды берудің заңдылығын тексеру үшін ақпараттық сервис әзірленгенін айтты.
Берілген анықтамаға QR-код жазылған, оны сканерлеп, түпнұсқалығын тексеруге болады. Сондай-ақ автобустарды электрондық төлем жүйелерімен 100% жарақтандыру. Бұл ақша қаражатының 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар инженерлік және қалалық желілерді және т. б. цифрлау жұмыстарын жүргіземіз, - дед ол.
Ол айтқандай, әкімдік 159 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Олар 100% электронды форматқа көшірілген.
Осылайша, адам факторы мен қатысуы толығымен алынып тасталады. Бұған «iQala» орталығы, Тұрғын үй саласындағы бірыңғай қызмет көрсету орталығы, Жанұя сияқты бірқатар нысандарымыз көмектеседі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің «Астана-Адалдық алаңы» бірлескен жобасы аясында барлық төрт аудан әкімдігі фронт-офис форматына көшіп, ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылы КВИ бойынша БАҚ-та 274 мың материал жарық көрген
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы