Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жедел-тергеу қызметінің нәтижесі баяндалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы айтып берді.

Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мен жазалау шаралары іске асырылуда. Сонымен қатар, тек 2020 жылы қабылданған заң жобалары мен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық қудалау институттары және жауапкершілік күшейтілді. Мұндай тәсілді SPI индексі бойынша «Transparency  International» сияқты халықаралық ұйым оң бағалады. Өткен жылдың соңында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құрылымын енгізу мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған заң қабылданды. Осы заңда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға қатысты шартты мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды, - деді ол.

Данияр Бекайдаров парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталған сыбайлас жемқорлық үшін қауіпсіздігі барынша төмен атқару мекемелерінде бірден жазасын өткізу мүмкіндігі алынып тасталғанын айтады.

Мемлекеттік қызметшілер, парламент, депутат, судьялар үшін ҚР тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шот ашуға және иеленуге тыйым салынды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға сыбайлас жемқорлық үшін жаза қатаңдатылды. Пара берушілер мен делдалдардың парақорлық жауапкершілігі күшейтілді, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы