Сыбайлас жемқорлық бойынша 3 жылда 2 180 адам сотталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің мәліметі бойынша, республикада 3 жылда 2 180 адам сотталса, солардың 449-ы – полиция қызметкері, 304-і білім саласының, 243-і құрылыс саласының мамандары, деп хабарлайды otyrar.kz.
Ал ауыл шаруашылығы саласында – 233, денсаулық сақтау саласында – 186, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика саласында жүрген 184 адам заңды бұзған. Агенттік мамандары жаза қатаңдатылып жатса да пара алу, беру фактілері де азаймай отқандығын айтады. Пара беру бойынша ауыр жаза 3 жылдан 5 жылға ұлғайтылды.
145 мыңнан 8,7 млн теңгеге дейін пара берген азаматқа жаза 5 жылдан 7 жылға дейін артты. Парақорлыққа делдал болу да жазаланады. Алғаш рет қылмыс жасағаны үшін ең жоғары жаза 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір жолы – ынталандыру жүйесі енгізілді. Бұл бағытта 182 адамға 10,6 млн теңге көлемінде сыйақы берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы