Сыбайлас жемқорлықпен айналысқан прокурор сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының бұрынғы прокуроры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының прокурорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген.Бұл факті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтады. Омар Қорғалжын қорығының басшысы А.А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге мөлшерінде ақша резервінің кассасында заңсыз болу фактісін қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деп күдіктелуде, - делінген хабарламада.
9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты басталды
Өзгелердің жаңалығы