Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервис орталығы диалог алаңына айналады – Шпекбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев аймақтарда ашылып жатқан жаңа сервис орталықтарының қызметі туралы айтты.

Жақында үш өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервис орталығын аштық. Жыл соңында дейін бөлімшелердің көп бөлігінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы осындай орталықтар ашылады. Олар азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог орнататын өзара іс-қимыл алаңына айналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтар барлығы үшін сұхбаттасу алаңы болмақ. Оның жұмысына тұрмыстық жемқорлықты тез азайтуға, жоюды қалайтын барлық әкімдер қатысады, - деді Шпекбаев Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан арнайы мониторинг тобының отырысында.
 
Оның айтуынша 6 қаңтарда Қарағанды қаласында сервистік орталық ашылады. Бұл орталықтар азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныстары қаралып, бірқатар мәселелер талқыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы