Сыбайлас жемқолықпен күрес әдістері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдауды көздеп отыр. Министрлік, оның ішінде жұртшылықты сатып алуларды өткізу мен жобаларды іске асыруға бақылау жасауға тарту ниетінде. 

Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірге Экология министрлігінің комитеттеріндегі сыбайлас жемқорлық қаупіне жасалған сыртқы талдау нəтижесін талқыладық. Біз бұл мəселеде бақылау мен жауапкершілікті, оның ішінде кадр таңдауды күшейтуді көздеудеміз, - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Оның хабарлауынша, Министрлік комитеттері сыбайлас жемқорлық қаупін жою жоспарын əзірлеген. М.Мырзағалиев оны іске асыруды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Сонымен қатар барлық анықталған тəуекелдерді жоюға, толықтай трансформациялауды өткізуге күш салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тəсілдерін салаларды цифрландыру, рұқсат беру рəсімдерін жетілдіру мен автоматтандыру, əкімшілік кедергілерді азайту есебінен қайта қарауға дайынбыз, - деді министр.

Бұдан басқа, Министрлік жобаларды іске асыру процесі барынша айқын болуы үшін жұртшылықты тартуға ниетті. 

Сонымен қатар, жұртшылықты өңірлердегі сатып алулар мен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бақылау жасау процесіне тартуға ниеттіміз. Осының барлығы ведомстводағы сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетіп, көптеген процестің ашық жүргізілуіне, жұртшылыққа есеп беруге мүмкіндік береді деген ойдамын, - деп атап өтті Министрлік басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы