Своик: Өзге ұлттар болмаса да, қазақтар орыстілді болып қалады

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Петр Своик Airan You tube арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол сұхбат барысында Қазақстанды және қазақ халқын «орыс әлемінің» бір бөлшегі деп атады. Сондай-ақ партия төрағасы сауатты, оқымысты қазақтар өздерін «орыс әлеміне» жатқызатынын айтты. Сөзінше, олар өз ортасында орысша ойлап, орысша сөйлейді.

Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі. Ол тарихи және географиялық тұрғыдан алып қарасақта, солай . Әрине, кезінде бәрі жақсы болды деп айта алмаймын. Дегенмен Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі. Яғни Қазақстаннан өзге ұлт өкілдері жоқ болып кетсе де, қазақтар орыстілді болып қала бермек. Тіл бар жерде көзқарас та, білім де, информатика да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді, - деді Своик.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: uralskweek.kz
Өзгелердің жаңалығы