Сұйытылған газдың бағасы қаншадан болады? Энергетика министрлігі пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков министрлік өткізген онлайн брифинг барысында айтты.
Ол еліміздің ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының жағдайына қатысты түсініктеме берді.
Топтық резервуарларды резервуарлық топтар мен мұнай-химия кәсіпорындары арқылы тұрғындардың қажеттіліктері үшін сұйытылған газ сатуды қоспағанда жылдың соңына дейін электрондық сауда алаңы арқылы толық көшу күтіліп отыр. Биылғы қарашада орташа өлшенген көтерме баға тоннасына 151 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Қалған 30 пайызы ішкі нарыққа 43 345 мың тоннаға реттелетін бағамен таратылады, - деді ол.
Жүребеков атағандай, республика бойынша орташа баға литріне 90 теңге және аймаққа байланысты 70-120 теңге аралығында ауытқиды.
Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өз құзыреті шегінде баға белгілеудің негізділігін бақылауды жүзеге асырады. Министрлік өз құзыреті аясында проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізетін және өңірлерді сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, - деді ол.