Сұйытылған газ тапшылығы. "Жүргізушілерде таңдау бар" - министр

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ тапшылығынан қорықпауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, егер сұйытылған газ сатылымы кенет тоқтаса, көлік жүргізушілері бензин мен дизельді балама ретінде пайдалана алады.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда бірқатар ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі полипропилен өндіру жобасы. Қазірдің өзінде полиэтилен өндіру, бутадиен және басқа да фракцияларды өндіруге қатысты жобалар көптеген жұмыс күшін құрып жатыр. Біздің жоспарымызда бүкіл сұйытылған мұнай газы, ең алдымен, мұнай-химия мақсаттары үшін пайдаланылуы керек, – деді Сәтқалиев журналистермен кездесуде.

Ведомство басшысы көлік жүргізушілерінің таңдауы бар екенін атап өтті.

Сұйытылған мұнай газын пайдаланатын адамдар жанармайсыз қалмайды, оларда әрқашан не дизельді, не бензинмен жүруге балама болады, - деді Сәтқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Энергетика министрлігі
Өзгелердің жаңалығы