Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасының ықпалында болады. 

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

1 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуынан жауын-шашынның тоқтап ауа температурасы төмендеп, суық болады. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Еліміздің солтүстік-батысында болса, түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады. 

Ал оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді.

Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 аяз, күндіз 10-15-тен 13-18 жылы болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы