Сүйіктісіне сөз салу үшін отшашу ұйымдастырған жігіт айыппұл арқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласының Жастар саябағында 18 жастағы жігіт сүйіктісіне сөз салу кезінде пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қоғамдық орындағы отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігіне (Арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.
Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады
Келесі жаңалық
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Өзгелердің жаңалығы