3 Қыркүйек 2025 2025, 18:13 Фото: Pexels

Сүйіктісін қызғанған әйел қарсыласын пышақтап өлтірді

Махаббат үштағаны қанды қылмысқа ұласты. 34 жастағы британдық әйел пышақ жарақатынан қаза тауып, 33 жастағы күдікті қызғанышпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Камбоджада Пномпень қаласында махаббат үштағаны қанды қылмысқа ұласты. 34 жастағы британдық әйел пышақ жарақатынан қаза тауып, 33 жастағы күдікті қызғанышпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс 29 тамыз, жұма күні ел астанасы Пномпеньде болған. 34 жастағы британдық Джессика Кариад Хопкинстің денесі Чамкармон ауданындағы танымал саябақтың маңынан пышақ жарақаттарымен табылды.

Фото: Omar Havana/Getty Images

Пномпень қалалық полициясының бас комиссарының орынбасары Чуон Нариннің айтуынша, қылмыскердің әрекетіне себеп – махаббат үштағаны. 

Жәбірленуші 29 тамызда – жұма күні табылса, сенбі, 30 тамызда 33 жастағы күдікті ұсталған. Тергеу болжамына сәйкес, ол Хопкинсті өзіне қарсылас санаған.