"Сүйектері сынып, жарақаттанған": Аттракцион құлап, 45 адам зардап шекті

Боливиядағы жәрмеңке кезінде айналмалы дөңгелек аттракционы құлап, 45 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Red Uno-ға сілтеме жасап.

Оқиға 8 қазан күні Санта-Крус қаласындағы Аласита жәрмеңкесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар мінген үлкен айналмалы дөңгелек кенеттен бір жаққа қарай еңкейіп, артынша сықыр еткен қатты дыбыс шыққан.

Бұл құлап түскен “орыс рулеткасы” еді. Алты науқастың сүйегі сынған, екі адамның жамбасы жарақаттанған. Зардап шеккендердің бір бөлігін басқа клиникаға, тағы екі адамды Санта-Крус орталығындағы ауруханаға жеткіздік, - дейді дәрігер Жан Нагера.

Оның айтуынша, құтқару операциясы қиындау болған. Себебі көптеген адам аттракционның темір құрылымдарының астында қалып қойған. Бірнеше адам 10 метрден астам биіктіктен құлаған, олардың кейбірі ауыр халде жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы