Сүйек кемігі донорлығы: Сіздің жасушаларыңыз біреуге өмір сыйлайды
Сүйек кемігі – адам организміндегі қан өндіру жүйесінің қан жасушаларын үнемі жаңартып отыратын маңызды ағзасы. Бүгінде елімізде сүйек кемігі донорлығы алға қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, еліміздің аумағында сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі құрылған. Сүйек кемігінің донорлығы елде қалай жүзеге асады? Осы бағытта шолу жасап көрген болатынбыз.
Жалпы бойымыздағы алпыс екі тамырымызға таралатын қан құрамы айрықша. Ол эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер сынды барлық жасушалары бірыңғай жасушалардан дамиды. Бұл жасушалар «гемопоэздік дің жасушалары» деп аталады. Сүйек кемігін транспланттау кезінде пациент ағзасына донордың дің жасушалары енгізіледі. Сол арқылы пациенттің сүйек кемігіне тарап, жаңа қан жасушаларын өндіріледі.
Қазақстанда сүйек кемігі донорларының банкі бар
Еліміздің аумағында сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі жасалған.
Тіркелім дегеніміз – бұл трансплантацияға мұқтаж пациенттерге ерікті түрде және ақысыз көмек көрсетуге дайын әлеуетті гемопоэздік дің жасушалары донорлары туралы мәліметтер орналасқан ақпараттық платформа.
Қазақстанда сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында жасақталып, орналастырылған. Тіркелімде Қазақстанның барлық аймақтарынан әлеуетті донорлардың тізімі тұр.
Бүгінгі таңда Қазақсан Республикасы Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі құрылды. Ұлттық тіркелім:
- 6700-ден астам әлеуетті донорды,
- донорларды іздеуге бағытталған жал сайын ондаған сұранымды,
- 4 сәтті донация = 4 құтқарылған өмірді құрайды!
Әлеуетті донорлардың барынша көп болғаны маңызды. Себебі әр донор – соншалықты құтқарылған адам өмірі! Донор мен пациенттің үйлесімділігі 1-де 10 мың жағдайға тең. Ал науқаста сирек кездесетін HLA-фенотипі болған жағдайда 1-де миллион жағдайды құрайды. Сол үшін тізілімде донорлардың саны артқан сайын сәйкес донорды табу мүмкіндігі жоғары деп айтуға болады. Алайда кейде донор өмір бойы тізілімде тұрса да, оның донорлығы ешкімге сәйкес келмеуі де мүмкін.
Елде сүйек кемігінің доноры болғандарға ақы төленеді ме?
Гемопоэздік дің жасушалары донорлығы ерікті және ақысыз түрде жүзеге асырылады. Бір адамның өмірін құтқарамын деп ниеттенген кез келген адам дің жасушасының доноры бола алады. Бір ескеретін жайт, тек жас мөлшері бойынша шектеулер бар. Яғни 18-45 жас аралығындағы азаматтар ғана донор болуға рұқсат етілген.
Сүйек кемігінің дің жасушаларына кімдер мұқтаж?
Республикамызда сүйек кемігінің дің жасушалары трансплантациясыына мұқтаж пациенттер саны жылына шамамен 300 адамға жетеді. Қандай жағдай болмасын, донорды алдымен ең жақын туыстардың арасынан іздеп көреді. Алайда туыстар арасында үйлесімді донор табылмаса немесе донор болу мүмкін болмаған жағдайда, олар туыстық емес транспланттауға жүгінеді. Бұл көрсеткіш жылына шамамен 15-20 адамға тең. Олардың тең жартысы балалар мен жасөспірімдер екені анықталды.
Трансплантацияны қажет ететін аурулар адамдардың әртүрлі санатында кездесуі мүмкін. Бір жағынан, адамның жасы мен әлеуметтік мәртебесіне де байланысты болмайтынын ескерген жөн.
Қазақстанда алғаш рет отандық донордан пациентке гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау 2018 жылы жасалды. Ал 2019 жылы қазақстандық донорлардан отандық пациенттерге қан өндіретін дің жасушаларын 2 туыс емес трансплантациялау жасалды. Ал төртінші трансплантация 2021 жылғы сәуірде Ресейдегі балаға жүзеге асырылды.
Донор болу үшін не істеу керек?
Денсаулығында еш шағымы мен дәрігердің қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда кәмелетке – 18 жасқа толған кез келген дені сау адам сүйек кемігінің доноры бола алады.
Донор болуға ниетіңіз болса, өз қалаңыздағы Қан орталығына барып, сауалнама толтыру қажет. HLA-фенотипіңізді анықтау үшін 9 мл қан тапсырасыз. Бұл арқылы донор мен реципиенттің үйлесімділігін анықталады.
Донор болу арнайы дайындық қажет етпейді. Бұдан кейін кезегіңізді күтесіз. Сүйек кемігінің доноры болу мүмкіндігі бірнеше айдан кейін немесе жылдан кейін ғана орын алуы мүмкін.
Донор тіркелімге кіргеннен кейін бірнеше жайттарды есте сақтағаны маңызды. Телефон нөмірі немесе мекенжайы өзгерсе, бұл туралы тіркелім маманын хабардар ету керек. Сіздің жасушаларыңыз арқылы басқа біреуге өмір сыйлауға болатынын естен шығармаңыз.
Тиісті донор қалай таңдалынады?
Мектеп анатомиясы курсынан жер бетіндегі әр адамның ерекше организм екені белгілі. Себебі әрқайсысымыз ата-анамыздан ерекше генотипті алдық. Әр адамның бірегей код жүйелері бар. Арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы бір-біріне сәйкес келетін адамдарды іздейтін математикалық қатынастар жүйесі жасалған. Бұл дегеніміз – туған бауырлар мен әпкелер бір-біріне донор бола алады. Бірақ өкініштісі, мұндай жағдай әрқашан бола бермейді.
Қиын жағдайға тап болған қалған пациенттер туыс емес донорды іздеуге мәжбүр. Сол үшін ұлттық тіркелім жасалған. Донорды іздеу сұранымын алған соң жүйе сәйкес келетін кандидаттардың бар-жоғы туралы хабарлама жібереді. Емдеу жүргізетін медициналық мекеме донор болуға ниет білдірген нақты адамның деректері бар тіркеліммен хабарласады. Тіркелім қызметкерлері қажетті донорды өздері тауып, зерттейді. Бұдан кейін адам трансплантация жасау үшін жарамды болса, келісімін береді немесе одан бас тартады, я болмаса медициналық тексеруден кейін жарамсыз болып танылады.
Дің жасушаларының донорлығы қалай жасалады?
Сүйек кемігінің дің жасушалары екі жолмен алынады.
Бірі – перифериялық қан арқылы, яғни қарапайым қан донациясы сияқты. Сүйек кемігіндегі гемопоэздік дің жасушаларын қанға ауыстыру үшін медициналық препаратпен ынталандыру жүргізіледі. Одан соң қаннан ол автоматты қан сепараторы арқылы жинақталады. Одан соң 99 пайыз жағдайда пайдаланылады.
Екінші жағдайда сүйек кемігі наркоз арқылы жамбас сүйектен тікелей алынады. Қазіргі таңда бұл әдіс сирек қолданылады.
Донор дің жасушаларын алу жолын өзі таңдауға құқығы бар. Гемопоэздік дің жасушаларын алудың алдында донор толық тексерістен өтеді. Ал денсаулығына қандай да бір қауіп төнген жағдайда ол процедурадан шеттетіледі. Бір ескеретін жайт, гемопоэздік дің жасушаларын алу процедурасы 3-4 сағатқа созылады.
Донорда кейін сүйек кемігінің тапшылығы проблемасы туындайтыны рас па?
Гемопоэздік дің жасушаларын алу кезінде тіпті оны тапсырғаныңызды сезбей қаласыз. Сонымен қатар алынған жасушалардың толық көлемі 10-14 күннің ішінде қалпына келеді. Адам үш айдан кейін қайта донор болуына болады. Соған қарағанда, дің жасушаларының регенерациясы өте жоғары. Алайда бүгінгі күні екінші рет гемопоэздік дің жасушаларын доноры болған жағдайлар кездеспеген.
Елдегі трансплантация жасайтын жалғыз орталық
Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкогематология орталығы және сүйек кемігі трансплантациясы ересек тұрғындар үшін аллогендік және гаплоиденттік транспланттауды орындайтын республикадағы жалғыз орталық болып табылады. Барлығы небәрі 10 төсек құру арқыыл ашылған. Бірақ өзінің маңыздылығына байланысты бөлімше қарқынды түрде кеңейе түсті және қазіргі уақытта 82 төсекке дейін жетті. Орталыққа 4 бөлімше кіреді: сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшесі, онкогематологиялық реанимация бөлімшесі, күндізгі стационары бар №1 онкогематология бөлімшесі, ЛПЗ және №2 онкогематология секторы. Коронавирус пандемиясы кезінде Орталықта Қазақстандағы жалғыз КВИ-1 бөлімшесі жұмыс істеді. Онда коронавирустық инфекциясы бар онкогематологиялық патологияның пациенттері ем қабылдауға мүмкіндік болды.
Отандық медицинадағы бұл бағыт 2010 жылдан бастау алады. 2010 жылға дейін «өлім» және «онкогематология» сөздері синоним болды. Науқастар сол кезде Қазақстанда сүйек кемігі трансплантациясы өткізілмегендіктен қайтыс болған жайттар кездесіп жатты. Өкінішке қарай, елімізде сол уақытта «шетелде емдеу» бағдарламасы болған жоқ. Шетелде өз қаражатына емделу өте қиын еді. Бұл диагноз жаза секілді сияқты естілді. Осыған байланысты, сүйек кемігін транспланттау бөлімшесін ашу бастамасы қолға алынды. Бөлім құрылған соң жағдай түбегейлі өзгерді. Қазақстандықтарда үйде сапалы медициналық көмек алуға нақты мүмкіндік пайда болды.
Бұл 2010 жылдың 2 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ («РЖМКҒО» АҚ) негізінде онкогематология және сүйек кемігін трансплантациялау бөлімі ұйымдастырылып, трансплантацияда алғашқы қадамдар жасалды. 2010 жылғы 29 желтоқсанда алғашқы рет сүйек кемігін аутотрансплантациялау басталды. Содан кейін жылына 5-6 операция жасалды.
Кейіннен сүйек кемігін трансплантациялау барлық түрлері игерілді. 2011 жылғы шілдеде гемопоэздік дің жасушаларын алғашқы аллогенді туыстас транспланттау жүргізілді. Сол жылғы қыркүйекте – гаплоиденциялық сүйек кемігін трансплантациялау (ішінара үйлесімді туыстас донордан) жүргізілді.
2013 жылдың қыркүйегінде жаңа блок ашылды және біз жылына елуге дейін операция жасаймыз. 2014 жылдың қыркүйек айында туыс емес шетелдік донордан алғашқы сүйек кемігін трансплантациялау өткізілді. Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау өте күрделі жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін, шығынды процесс екенін түсіндіру қажет, оны алыс және жақын шетелдердің клиникаларында ұзақ дайындықтан өткен білікті мамандарсыз, өз ісіне берілген кәсіби – гематолог, реаниматолог, зертханашыларсыз елестету мүмкін емес, - дейді орталықтың маманы.
Алайда трансплантацияны сәтті жүзеге асыруда донор мен пациенттің үйлесімділігін зертханалық зерттеу, трансплантацияланған мүшелер мен тіндерді HLA деп аталатын зертханалық зерттеу маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Бұл зерттеулерді Қазақстанда 10 жыл бойы бірінші және бүгінгі таңда бірегей тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы базасында 2010 жылы құрылған қан қызметінің HLA-зертханасы жүзеге асырады.
HLA-зертхана қызметінің арқасында 2013 жылы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Қазақстан Республикасында сүйек кемігі донорларының тіркелімі құрылды. Барлық дамыған елдерде трансплантацияны қажет ететін ересектер мен балаларға көмек көрсету үшін осындай тізілім бар.
Осылайша, HLA-зертхана тіркелімге кірген донорлардың қан үлгілерін типтеуді жүргізеді. Сондай-ақ оларды трансплантациялау үшін қажет болған сәтке дейін ақпаратты сақтайды. Бүгінде тіркелім базасында біздің отандастарымыздың қатарынан алты мыңға жуық ерікті тұрғаны белгілі болды. Олар сүйек кемігін донорлыққа беруге өздерінің ақпараттандырылған келісімін берді.
Жалпы, бірлескен жұмыс жылдарында 500-ден астам сүйек кемігін трансплантациялау жасалды. Бұл – жүздеген құтқарылған өмір!
Сүйек кемігінің діңдік гемопоэздік жасушаларын транспланттау клиникалық гематологияға берік енді және көптеген гематологиялық ауруларды емдеу туралы түсініктерді сапалы өзгертті. Қазіргі заманғы терапиялық мүмкіндіктерді және бағаналы жасушаларды трансплантациялауды Қазақстандағы дағдылы практикаға енгізу онкогематологиялық аурулары бар науқастардың өмірін сақтап қалуға және олардың толық сауығуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сүйек кемігін трансплантациялау – медицинаның шарықтау шыңы. Оның негізі дәл диагностика, бағдарламалық химиялық терапия және тиімді емдеу болып саналады. Онкологияда екінші пікір маңызды болғандықтан, диагностиканы растау және пациенттерді емдеу тактикасын таңдау үшін біз шетелдік клиникалармен ынтымақтастық орнатқан.
Бөлім мамандарының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Біздің бөлімнің дәрігерлері мен медбикелері мамандандырудан өтті, АҚШ, Түркия, Израиль, Германия, Жапония, Ресейден келген шетелдік әріптестер өткізетін шеберлік сабақтарына қатысады.
Онкогематология және ТКМ орталығының трансплантациялық қуатының кеңеюіне байланысты ҰҒО жаңа салынып жатқан емдеу-диагностикалық корпусында біздің бөлімшенің мамандарын даярлау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 2021 жылы ҰҒОО онкогематологтары біздің стратегиялық серіктесіміз – Шаритэ университеттік клиникасының (Берлин, Германия) онлайн платформасында оқыту курсынан өтті, онда қан құраушы және лимфа жүйелерінің обырын емдеудің ең озық әдістері ұсынылған.
Орталық қызметкерлері әріптестерімен білесіп, үздік халықаралық тәжірибелер негізінде негізгі онкогематологиялық аурулар мен СКТ бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын жазып, бекітті. Қазіргі уақытта бөлімшедегі пациенттерді диагностикалау және емдеу осы хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстанда қан өндіру және лимфа тіндерінің онкологиялық ауруларымен есепте 8000 мыңнан астам пациент тұр. Ал жыл сайын 1 500-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі. Онкогематология және СКТ орталығында жыл сайын қан жүйесінің қатерлі ауруларынв шалдыққан мыңға жуық науқас емделеді. Бөлімше мамандары жылына 80-ге дейін сүйек кемігін трансплантациясын жасайды.
Біз жыл сайын тек химиотерапия алған пациенттердің және сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілген пациенттердің жалпы өмір сүруіне талдау жасалады. Нәтижелерге сәйкес, 2-ші топтағы науқастарда жалпы өмір сүрудің жоғары деңгейін көрсетеді. Мәселен, трансплантация кезінде емделген жағдайларды талдауға сәйкес, 5 жылдық өмір сүру деңгейі: жедел миелобластикалық лейкемия кезінде 52%, трансплантациясыз 10%; бірнеше миелома кезінде 64%, СКТ-сыз 17%; лимфомалар кезінде 72%, СКТ-сыз 34-55% құрайды, бұл әлемдік деректермен корреляциялайды. Бұл көрсетілген пациенттерге трансплантация жасау қажеттілігін көрсетеді. Жинақталған тәжірибе мен орындалатын СКТ саны біздің пациенттерімізді шетелге емделуге жібермеуге көмектеседі. Бұл қаражатты үнемдейді және өз кезегінде балаларға шетелде емделуге мүмкіндік береді.
Трансплантация дегеніміз – бұл ауруларды емдеудегі опция. Оның өз орны бар. Трансплантацияның тиімділігі уақыт пен жерде жатыр. Бұл процесс ҰҒОО-да жолға қойылды, онда Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында қазіргі заманғы онкогематологияда пайдаланылатын негізгі технологиялар жоспарлы түрде енгізілді.
Диагностиканың, емдеудің және күтімнің жақсаруымен трансплантацияға қажеттілік артып келеді. Трансплантация блогын кеңейту қажеттілігі туындады.
Қазіргі уақытта ҰҒОО жаңа емдеу-диагностикалық корпусының құрылысы жүргізілуде. Онда трансплантациялық блоктың қуаты үш есеге артады. Жаңа корпуста онкогематология және СКТ орталығында Пациенттерге арналған 1-2 жергілікті палаталары бар 55 төсектік 2 бөлімше ашылады. Олар сүйек кемігін трансплантациялау үшін тікелей дайындалады. Бұдан басқа, 20 төсектік күндізгі стационар ашылады, онда пациенттер трансплантациядан кейін оңалтуды, 12 төсектік онкогематологиялық реанимация бөлімшесін, сондай-ақ жылына 200-250 транспланттауды орындай алатын 15 төсектік таза үй-жайлар блогы болады.
Бұл шаралар бізге трансплантациялық белсенділікті арттыруға, оны жылына 250 СКТ халықаралық стандарттарға жақындатуға және іс жүзінде Қазақстанның сүйек кемігін трансплантациялауға толық қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.