Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың көпсалалы медицина орталығында онкологтар мен маммологтардың қатысуымен ашық есік күні өтті.
Қабылдау әйелдер ауруларының ерте сатысының алдын алу және анықтау мақсатында жүргізілді. Іс-шара Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар ету күні аясында ұйымдастырылды.
Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында әлемде және Қазақстанда әйелдер арасында жетекші орын алады, деп ескертеді дәрігерлер.
Сүт безі патологиясының негізгі белгілеріне кеудедегі ауырсыну, ісіктің сезілуі, сұйықтықтың бөлінуі жатады.
Бұл аурудың алдын-алу шаралары профилактика, стрессті жеңілдету және салауатты өмір салтын сақтаудан тұратын үш кезеңді қамтиды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте қоғамдық көліктердің жаңа бағыттары ашылады
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы