Суретшілер шығармашылығындағы биоцентризм философиясы қандай

Мемлекеттік орталық музейінде “Судағы шеңберлер” көрмесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге кескіндеме, графика шеберлері қатысып, ғаламды шексіз айналым түрінде бейнелейтін 100-ге жуық шығармалары қойылған. Көрме символдық мәні зор, терең философиялық мағынаға ие.

Шеңбер – әрқашан өмірдің белгілі бір тепе-теңдігін сақтайтын табиғат үйлесімі. Ол табиғат аясындағы су әлемінде кенеттен пайда болып, көзден ғайып болып кететін құбылыстардың мәңгілік айналымы. Судың бетіне жайыла таралған шеңбер – өзінің мәні бойынша жердегі өмірмен, ал табиғаттағы айналым “биоцентризммен” тікелей байланысты. Әр суретшінің дүниені қабылдауы әртүрлі. “Судағы шеңберлер” тақырыбына бойлаған суретшілер бұл құбылысты реалистік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, философиялық және экологиялық көзқараспен де бейнелейді,- деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, су бетінде таралған шеңберлер – кеңістікке таралатын ойлар секілді сезімдерді оятып, естеліктерді тудырады. Бұл адамзаттың табиғатқа, қоршаған ортаға дегенсүйіспеншілігі мен байыпты қарым-қатынасына арналған тақырып.

“Судағы шеңберлер” көрмесіне "Яблоневая палитра" қауымдастығының 40-қа жуық кәсіби суретшілері қатысқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы