Сурдлимпиададан еліміз балуандары 5 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-ші мамырда  XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен  қазақстандық балуандар қанжығаға 5 медаль байлады: 1 «алтын», 3 «күміс» және 1 «қола» деп,-  хабарлайды дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы. 

Қазақстандық Хайратхаан Шонку 125 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальға ие болды. 24-ші Сурдлимпиада ойындарында Хайратхаанның бұл екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін ол грек-рим күресінде 130 келі салмақта сынға түсіп, жеңіске жеткен болатын.

Өз кезегінде балуандарымыз Ғабит Есжанов (57  кг),  Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) жарыста күміс жүлдеге ие болса, Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға қол жеткізді. Ал, Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мухтар Есенғосұлы  (97 кг) бесінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ, сол күні әйелдер арасында 4х400 метрдегі эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық атлеттер  Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева төртінші орыннан көрінді. Биіктікке секіруден сыңға түскен Фаина Меирманова 159 см нәтижесімен бесінші орынға ие болды.

Айта кетсек, Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарының мәресі 15 мамырда жеткпек. Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық жеңіл атлеттер марафонда бақ сынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы