Сурдлимпиада ойындарында спортшыларымыз қола медаль жеңіп алды

Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

XX қысқы ойындарда Қазақстан ерлер құрама командасы клаcсикалық шахматтан қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында біздің шахматшылар Италия, Германия, Сербия құрамаларын жеңді. Украина және Польша командаларымен тең ойын көрсетіп, тек Хорватияға есе жіберді. Бұл нәтижелермен командамыз 7 турдан кейін 10 ұпай жинап, үшінші орынға орнықты. Алтын медаль Хорватия құрамасына (12 ұпай), ал күміс медаль Польша командасына (11 ұпай) бұйырды.

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев және Виктор Максименко ойнады.

Үшінші орынға тартыста біздің басты қарсыластарымыз Украинаның спортшылары болды. Соңғы сәтке дейін жеңімпаз кім болатыны белгісіз еді. Ақыр аяғында, Қазақстан мен Украинаның ұпайлары тең шықса да, коэффициент бойынша біз алға шықтық. Бұл жеңіс үлкен еңбектің жемісі. Елімнің туын жоғары көтере алғаныма қуаныштымын, - деді Сұлтан Қожахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы