Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған елордалық спортшы елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған елордалық спортшы Владимир Нестеров елге оралды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Нұрлы-Жол» вокзалында Владимир Нестеровті қалалық спорт басқармасы, сол сияқты спорттағы әріптестері мен достары қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Владимир Нестеров үстел теннисінен командалық жарыста қола медаль жеңіп алды. Ол үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шеберіне үміткер болып саналады.

Бұл – әлемдік деңгейдегі алғашқы додам. Өзім дайындалған спорт мектебі мен елорда әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Ал өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға шақырамын, - деді байрақты додада ел үмітін арқалаған Владимир Нестеров.

Айта кетейік, Бразилияда 24-ші Сурдлимпиада ойындары аяқталды, оған әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы атынан 9 спорт түрінен 65 спортшы бақ сынады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен, сондай-ақ мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінен Владимир Нестеров, Сабыржан Хапизов және Алишер Талғатов әлемдік додаға аттанған болатын

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы