Сурдлимпиада ойындарында Қазақстаннан 40 спортшы сынға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сондрио қаласында Сурдлимпиада ойындарының алауы тұтанды. ХІХ Қысқы сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылып, спортшылар бас алаңмен салтанатты түрде жүріп өтті.

"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін байрақты бәсекеге 34 елден 506 спортшы қатысады. Олардың 377-сі ерлер, 129-әйелдер.


Спортшылар спорттың алты түрі: шайбалы хоккей, сноуборд, шаңғымен жүгіру, тау шаңғысы, керлинг және шахматтан бақ сынайды.


Дүбірлі додада Қазақстан атынан 40 спортшы шайбалы хоккей, шаңғымен жүгіру сноуборд, шахмат секілді спорттың төрт түрінен сынға түседі, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы