Сурдлимпиада - 2025: ел қоржынына 25 медаль түсті

Жапония астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ұлттық құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. 

Жеңіл атлетикадан Фаина Мейірманова биіктікке секіру сайысында 1 метр 79 см нәтижемен Сурдлимпиада чемпионы атанып, жарыстың рекордын жаңартты.

Медаль саны бойынша ең үздік көрсеткішті сурдо дзюдо спортшылары тіркеді. Аталған спорт түрінен отандастарымыз барлығы 11 жүлдеге қол жеткізді. Осы нәтижемен Қазақстан дзюдошылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Айта кеткен жөн, XXV жазғы Сурдлимпия ойындары есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ұйымдастырылатын беделді халықаралық дода. Төрт жылда бір рет өткізіледі.

Байрақты бәсекеде 81 елден келген 3 мыңға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасынан 78 спортшы 8 спорт түрінен сынға түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы