"Сұрақтар бар". Кремль Трампқа жауап қайтарды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Украинадағы атысты тоқтату идеясын қолдайды, алайда оған дейін бірнеше мәселені шешу қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ Президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінп жауап берді.
Президент Путин атысты тоқтату қажеттігі идеясын шын мәнінде қолдайды. Бірақ оған дейін бірқатар сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақтар әлі де ашық күйінде қалып отыр, әзірге ешкім жауап берген жоқ, – дейді Песков.
Оның айтуынша, бұл “Киев режимінің бақылаудан тыс қалуы, экстремистік және ұлтшыл бағыттағы бірқатар бөлімшелердің әрекеттерін Киевтің тоқтата алмауы” мәселесіне байланысты.
Сонымен қатар бұл Киевтің әрі қарай милитаризациялану жоспарымен де байланысты. Бұл мәселелер күн тәртібінен түскен жоқ, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қолшатырды ұмытпаңыз: Алдағы күндері жаңбыр жауады
Келесі жаңалық
Петропавл маңындағы ауыл халқы эвакуациялануда
Өзгелердің жаңалығы