Сұранысқа ие 10 мамандық
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік атап өткендей, сұранысты қалыптастыруда түрлі факторлар рөл атқарады.
Әдеттегідей медицина қызметкерлері мен педагогтарға деген жоғары сұраныс сақталып отыр.
Адамдар көп жұмыс істейтін жерде сұраныс жоғары. Нақты салалар бар: сауда, бөлшек сауда дегендей. Ол жерде адамдар ұзақ істемейді, жұмыс орнын жиі ауыстырып отырады. Аймақтық жағы да бар. Мысалы, Астана мен Алматыда қызмет көрсету саласы көп, ал өнеркәсіп бар жерде өндірістік сектор көп. Бізде медицина және білім беру қызметкерлеріне сұраныс жоғары, - деп түсіндірді «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов.
Қазақстандағы ең сұранысқа ие 10 мамандыққа мыналар кіреді:
медбике;
бухгалтер;
тәрбиеші;
санитар
заңгер;
тігінші;
аспаз;
күзетші;
іс қағаз жүргізуші;
сатушы.
Сонымен қатар, ІТ мамандары да үлкен сұранысқа ие.
Бүгінде ChatGPT және басқа технологиялармен байланысты жасанды интеллект мамандарына деген сұраныс жоғары. Бағдарлама әзірлейтін амамандарға да сұраныс жоғары жоғары болып тұр, - деп қосты департамент.