«Супермен», «Андерграунд» пен «Револьвер» фильмдерінің продюсері елордаға келеді

«Супермен», «Андерграунд» пен «Револьвер» фильмдерінің продюсері Comic Con Astana-ға келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комикс, кино, бейнеойын мен аниме секілді заманауи бұқара мәдениет салаларына арналған Comic Con Astana фестивалі биыл Астанаға оралып, қыркүйектің 15 мен 17 аралығында өтейін деп жатыр.

«Астана Даму Орталығының» қолдауымен өтетін бұл шара елорданың ресми іскерлік іс-шараларды өткізудің негізгі орны ғана емес, сонымен қатар мәдени-көпшілік үшін жаңа тартымдылық орталығы ретіндегі жаңартылған мәртебесін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам әрі ел жастары үшін өзекті және қызықты оқиға.

Биылғы ірі мәдени шараны ұйымдастырушылар ресми қонағын қарсы алғалы жатыр. Қонақтың бірі — Франция кинопродюсері Пьер Спенглер. Ол Кристофер Рив қатысқан Супермен фильмдерінің үшеуінде де продюсер болған.

Пьер Спенглер 1964 жылы кино саласында жұмыс істей бастаған. Ол 1986 жылы дербес продюсер болды.

Спенглер «Суперменнен» бөлек «Үш ноян» фильм қатары, (Гай Ричи түсірген, Джейсон Стэтхем рөл ойнаған) «Револьвер» қылмыс драмасы мен (Луи Летерье түсірген, Джет Ли мен Морган Фримен рөл ойнаған) «Дэнни деген ит» экшн-триллері сияқты жобаға да қатысып белгілі болған.

Алехандро Ходоровски түсірген «Кемпірқосақты ұрлаған» фильмі мен Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағы жүлдесіне лайық болған Эмир Кустурица түсірген атақты «Андерграунд» фильмін жасауға да Пьер Спенглер зор үлес қосқан.

Спенглер 1984 жылғы «Супергёрл» фильмін жасауда кеңесші болған.

Comic Con Astana фестиваліне шақырылған қонақ тізімі:

  • Taryn - Италиядан шыққан әйгілі косплейші, әртіс, кәстөм жасаушы, әрі модель
  • Angie Arrow - League of Legends ойынына арнаған косплейінің арқасында дүние жүзіне аты жайылған косплейші
  • Антон Киреев - YouTube-тегі IGM арнасын жасап жүргізген кәсіби диктор
  • Артем Харченко – YouTube-тегі киноға арналған Cut The Crap арнасын жасаған
  • JGeek пен Юлия Боярова – YouTube-те әсерлі мазмұн жасайтын ерлі-зайып бейнеблогер
  • Geheichou – Испаниядан шыққан косплейші, аниме кейіпкерлері мен Genshin Impact ойындарына арнаған косплейінің арқасында әлеумет желіде танымал болып кеткен
  • Ayuru - Riot Games, Blizzard, Bernina және Bandai сияқты брендтерді ұсынған испандық косплейер, суретші және фотограф
  • Narga (Наталья Кочеткова) - тәжірибелі кәсіби косплейші, Blizzcon-да жеңімпаз болған
  • EdisonPts - бейнеблогер, әрі стример (арналары: «EdisonPts», «Эдисон Перец»)
  • Евгений Попадинец - YouTube-тегі«Utopia Show» арнасын жүргізуші
  • Илья Коммандер - YouTube-тегі «Штаб Коммандера» мен «Restart» сияқты көптеген арнаны жасаған
  • Aigera Dunamis - Қазақстан косплейші қауымы мен киберспорт саласын он жыл бойы дамытып келген тұлға
  • Әнуар Тілеген - Ақтобеден шыққан блогер/сарапшы, YouTube-тегі ANOIR арнасында киноны талдайды
  • Тони Карк - Ташкенттен шыққан әйгілі блогер, киноқұмар, шара ұйымдастырушы, әрі Bloggers Award'22-де жеңімпаз
  • Domer Grief (Сергей Камышников) - YouTube блогері, кәсіби Minecraft ойыншысы, өзінің "Грифер Шоуымен" танымал (бейнеге PvP соқтығыстарын жазады)
  • Анастасия Queen – модель, блогшы, әртіс. Ол Марго Роббиден айнымағанын New York Post, News Week London, Entertainment секілді әлем баспалары айтқан. Оның TikTok бейініне 7 миллион адам жазылып алған
  • Хомяк (Алина Ким) – дүние жүзіндегі 24-інші ең танымал TikTok-шы
  • Диас (Sixty Rich) – BIP House өкілі, блогшы, әрі әнші
  • Радион Кан – YoloHouse өкілі, блогшы, Марго Робби өнерін қастерлеуші, K-Pop сүюші

Фестивалде өтетін косплей сайысқа қатысушылар сүйген туындысына құштарлығын білдіріп, 10000000 теңге жүлде қорды бөлісіп ала алады.

Биылғы жаңалық — аниме мен манга, J-Pop пен K-Pop тәрізді Азия бұқара мәдениетіне арналған Pop Asia деген арнайы жәрмеңке алаңы.

Айта кету керек, TikTok сервисі фестивальге Comic Con Astana ресми серіктесі ретінде қосылды. Тик-ток хаустары, мобилографтар және продюсерлер (оның ішінде атақты Jokeasses қатысады деп күтілуде) іс-шара алаңында арнайы құрылған контент-аймақтың жұмысына қатыса алады.

BAQ.KZ шараның ақпараттық серіктестігі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Comic Con Astana
Өзгелердің жаңалығы