Супермаркеттегі "құпия" орын: Павлодар тұрғыны заттарды сақтау ұяшығында есірткі жасырған
Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған, бұрын бірнеше рет сотталған 54 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын тайниктер арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады.
Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар үш зат анықталды. Сонымен қатар, оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және зип-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
- Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді 03:47
- АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді 02:35
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026
- Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды 06.10.2026
- Астанада 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады 06.10.2026