Супермаркет жарнамасын түсірген блогер қамалды

Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды. 

Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрегі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. 

Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты, - делінген ақпаратта. 

Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы