Экс-бас бапкер: Суперлиганың кесірінен ұлы клубтар жойылып кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Манчестер Юнайтед" командасының экс-бас бапкері сэр Алекс Фергюсон "Реал" президенті Флорентино Перестің Суперлига құру жөніндегі сөздеріне пікір білдірді. Бұл туралы Prosports.kz сайтына хабарланды.
Жобаның ақша үшін жасалатыны күмәнсіз және ол ағылшын клубтарын қызықтырмайды. АПЛ әлемдегі ең үздік лига екені даусыз. Кез келген ағылшындық клубтың не себепті суперлигаға барғысы келетінін тіпті елестете де алмаймын. Егер АПЛ-дегі әріптес клубтары өз бағаларын көтеретін болса, онда біз "ұлы" деп жүрген клубтардың біразы жойылып кетуі мүмкін, - дейді Фергюсон.
Айта кетелік, Флорентино Перес бес үздік чемпионаттың командалары арасында Суперлига турнирін ұйымдастыру жөнінде айтып қалған болатын. Алайда мұны ФИФА басшысы да, УЕФА төрағасы да қолдамады.