20 Қараша 2026, 20:25 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мақпал Орынбек

Сұңғат Есімханов коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі кеңес төрағасы атанды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Сұңғат Есімханов «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиында ұлттық жобаның 2026 жылғы алдын ала қорытындылары, келесі жылға арналған жоспарлар, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану және жаңғырту жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық жобаның іске асырылу барысына тәуелсіз баға беру, қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және жобалардың сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуын бақылау.

Осыған байланысты Қанат Бозымбаев кеңес жұмысын тек есеп тыңдаумен шектемеу керегін атап өтті.