Сұмдық: Түркістанда жасөспірімдер балалар түскен порновидеоларды сатқан
ІІМ наурыз айында кезекті кең ауқымды "STOP-трафик" операциясын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты 40 қылмысты анықтады
Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 және 2006 жылы туған екі тұрғыны ұсталды.
Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан. Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту). Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.
Одан бөлек, Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адамды ұстады.
Ол ақшалай сыйақы үшін жас қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған, - деп атап өтті ведомстводан.
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.