Сұлтанов: Шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленеді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
Баяндамасында Сұлтанов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және төлем балансын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасына тоқталды.
Біріншіден, «Экспорттық тәртіп» тәсілдерін енгізу жолымен шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленеді. Жоғары білікті кадрларды, елде жаңа технологияларды шоғырландыру және халықаралық нарықта жаңа белсенді ойыншыларды өсіру үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропаның тәжірибесі пайдаланылатын болады, - деді Б.Сұлтанов.
Оның мәлімдеуінше , екіншіден, халықаралық қызметтер саудасы және трансшекаралық сауданы дамыту жұмысына баса көңіл бөлінеді.
Бұл үшін министрлік қызметтер экспортын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін болады және Ұлттық банкпен бірлесіп олардың экспортын есепке алу әдістемесін қайта қарайтын болады, -деді ол.
Сондай-ақ министр үшіншіден жақын көршілес елдермен сауданы кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Сауда-экономикалық қатынастарды, өнеркәсіптік және инвестициялық кооперацияны одан әрі тереңдету Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерге және Орталық Азиядағы жақын көршілерге бағытталатын болады,- деді Бақыт Сұлтанов.