Сұлтанов қант неге азайып кеткенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов не себепті кейбір сауда дүкендеріне қанттың жетпей отырғандығын түсіндірді.

2-3 ай бұрын қанттың қоры үш айға жететін болды, дегенмен бүгінде төмендегінін көріп отырмыз. Мұның себебі ажиотаждық сұраныстың болуы. Бірақ бізде 1-2 айлық қант қоры бар. Ол күннен күнге өзгере береді өйткені оның логистикасы өзгеріп отыр. Оның өзгеру себебі, біз жыл сайын 550 мың тонна тұтыну көлемінің 70 пайызын импорттаймыз. Ал импорттың 90 пайызы Ресейден келеді. Өздеріңіз білетіндей, екі ай бұрын Ресей Үкіметі қант өнімін сыртқа сатуға шектеу қойды. Оның ішінде ЕЭО елдеріне де тыйым салып отыр. Сол себепті қант көрші елден келмегеннен кейін біз логистиканы өзгертіп, республиканың ішкі нарығына Үндістан, Бразилия мемлекеттерінен тасымалдап отырмыз, - деді Бақыт Сұлтанов.

Ведомства басшысы логистикалық өзгерістер ішкі нарыққа өз әсерін беріп отырғанын жасырмады. Айтуынша, өзгеріс әсерінен қант өнімі кейбір өңірлерге бұрын, кейбіріне жай жетіп жатыр.

Бүкіл әлемде қант бағасы өскеннен кейін ол біздің елге де өз әсерін бермей қоймайды. Біз заңсыз бағаның өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ірі сауда орындарын бақылап отырмыз. Қысқаша айтсам, 1-1,5 айлық қор әлі бар. Сондықтан ешқандай ажиотажға беріліп,  жүгіріп барып, қант сатып алмаңыздар. Біз осыған шақырамыз. Егер делдардар осыны пайдаланып,  бағаны көтеріп сатып жатса біз олармен жұмыс істейміз, - деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы