Сұлтанов Орталық Азияда қандай іс тындырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйге ұшып келе жатып, сапарым туралы есеп жазып үлгердім. Біздің Орталық Азия бойынша апталық жұмыс сапарымыз аяқталды. 7 күн ішінде 2 мың шақырымға жуық жол жүріп, 3 млн долларлық келісім шартқа қол қойдық, бірнеше кооперациялық жобаларды іске асыру туралы келістік және бірқатар бағыттар бойынша: агроөнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, IT, машина жасау, электр энергетикасы ынтымақтастығы бойынша жоспарлар белгіледік. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды.


Ең бастысы, құрамына шенеуніктер де, бизнес те кірген біздің бүкіл делегация сауда маршруттарын/дәліздерді салу жөніндегі бірыңғай команда ретінде жұмыс істеді. Бүгін осы сапардың соңғы кездесуі - Ташкенттің хокимі Джахонгир Артыкходжаевпен келіссөздер өткіздім. Өнеркәсіптік кооперацияға тереңдей түсеміз. Ташкентте "Сергек" жобасын іске асыруды және біздің «Alageum Electric» компаниясының трансформаторлық өндірісін ашуды пысықтайтын боламыз. Біз екі елдің бизнес кездесулерін жиі ұйымдастыруға келістік. Бұл Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Бұхара желісі бойынша туристік байланыстарды жолға қоюға да көмектеседі, - деді министр.

Ол атағандай, әзірге туристік маршрут енді ғана қалыптасуда, біз бизнеспен бірге апталық жұмысымызды іс жүзінде сынақтан өткізуді ұйғардық: жақын арада агропоезд-автокеруен құрылатын болады.

Трейдерлер Қазақстан мен Ресейдің сауда желілері тарапынан сұраныстар жинайды және Тәжікстан мен Өзбекстанда біз келіссөздер жүргізген аудандар бойынша көлемді жинақтайды. Біз тауар дәлізінің болашақ Көтерме-тарату Орталығының барлық нүктелерінен өтеміз. Сондықтан біз құрылған аймақтық тауарлық жүйені тексереміз. Барлық шекаралар қалай жұмыс істейтінін көрейік.Соңғы екі күннің ішінде мен Өзбекстанның Ферғана облысы мен Тәжікстанның Соғды облысымен 800 шақырымға жуық жол жүрдім. Өткен аптада біз осы аймақтардың баға ерекшеліктерін толық түсіну үшін олар тікелей байланыс іздедік. Егістіктер мен бақтарды, базарларды және агро-логистикалық орталықтарды аралап, өткізу нарықтарына апаратын көлік дәліздері мен бөгеттер туралы сұрастырдық. Дехкандармен, трейдерлермен, аймақ басшыларымен кездесулер өте көп болды, - деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, дәліздің бойында құрылатын логистикалық орталықтарда калибрлеу мен сұрыптауды ғана емес, сонымен қатар дұрыс қаптаманы ұйымдастыру мәселесін шешу қажеттілігі.

Ірі бөлшек сауда желілерінде контейнерлерге өте қатаң талаптар қойылады, оларды сақтамай, тіпті өте сапалы өнім ешқашан сөрелерге түспейді. Тәжікстандағы Көтерме - сауда Орталығының бірінде мен қазақстандық "Магнумға" жеткізу үшін шабдалының қалай қапталғанын, соның ішінде өнім: қалай әкелінеді, қалай және қайда салқындатылады, сұрыпталады және калибрленеді, және калай орайтынын өз көзіммен қөрдім. Өзбекстанда Агрологистикалық орталықта жеке ыдыс өндірісін құруда жақсы тәжірибе бар. Мен Агрологистикалық орталық айналасында ілеспе қайта өңдеу өндірістерінің қалай дамитынын көрдім. Мысалы, сублимацияланған кептіру, жеміс чипстерін дайындау Қазақстандағы Көтерме- сауда Отралығына да жеке бизнес қайта өңдеуге тартылады деп үміттенемін. Біз фермерлерге, логисттерге және трейдерлерге осы тәжірибені қабылдауға көмектесеміз, - деді ол.

Бақыт Сұлтанов соңғы екі күнде екі келісімшартқа қол қойылғанын айтты.

Біріншісі-өзбек шиесін сатып алу үшін 500 мың доллар. Сонымен қатар келісімшарт жасасқан қазақстандық компания кейіннен Дубайдың сауда желілеріне жеткізумен жоғары сапалы өзбек және қазақстандық шие ірі партиясын жинауды жоспарлап отыр. Екінші келісімшарт – Соғды облысының Гафуров ауданынан қазақстандық сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу туралы. Бұл келісім- шарт та жарты миллион доллар.Екі елдің өңірлерімен өнеркәсіптік кооперацияға келетін болсақ, мысалы, Қоқанда біз өндірістік базаны қарап шығып, Ферғана облысы хокимінің бірінші орынбасары Аваз Уринбоев мырзамен біздің локомотивтерді құрастыру жөніндегі ықтимал ынтымақтастығымызды талқыладық. Сондай-ақ, өңірде Қазақстанмен ақпараттық технологияларды дамыту бөлігінде ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық бар, - деді ол.

Министр Худжандта хоким Мырза Раджаббо Ахмадзодамен бірге мақта өңдеу және тоқыма саласындағы бірлескен жобалар туралы талқылағанын айтты. "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жобасына қатысуға шақырдым. Орталық "Орталық Азия" деп бекер айтылмаған - оған біздің барлық елдер қатысуы тиіс, сонда бүкіл өңір пайдасын көреді.

Менің ойымша, жұмыс сапары практикалық нәтиже беріп, жұмыстың жаңа бағыттарына негіз қалады. Мен көп нәрсені көрдім, көп естідім және көп нәрсені білдім. Бірақ ең бастысы-барлық елдердің бірлесіп жұмыс істеуге және туындаған кез келген проблемаларды бірге шешуге деген өзара ықыласы.Қайталап айтқым келеді, бұл тек импорт туралы емес (біз маусымнан тыс уақытта тапшы өнімдерді қарастырдық). Жергілікті жеткізушілер мен логисттердің өздері техниканың бос оралмауы үшін оларға қажетті қазақстандық өнімдерді (өсімдік және майлау майлары, тыңайтқыштар, тіпті орман мен көмір) жеткізуді ұйымдастыруды сұрады, - деп түйіндеді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы