Сұлтанов көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады. 

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Достар! Бүгін елімізде Көлік қызметкерлері күні. Кәсіби мерекелерін автомобиль, теміржол, су және авиация көлігі қызметкерлері атап өтеді. Жүргізушілер, диспетчерлер, кондукторлар, бақылаушылар, машинистер, жолсеріктер, ұшқыштар, стюардессалар, техникалық қызметкерлер. Бұл салада біздің елімізде 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл еліміздің барлық жұмыс істейтін халқының 7 пайызға жуығы!, - деді ол.
Оның сөзінше, көлік жолдары - бұл адамдар мен тауарлар ағыны қаладан қалаға, аймақтан аймаққа, елден елге ауысатын экономиканың қанайналым жүйесі.
Саудада логистика, яғни тауарды А нүктесінен В нүктесіне тасымалдау тауардың бар болуы сияқты маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Егер тауарды жеткізуге мүмкіндік болмаса, құлдырау болады. Өткен жылы біз пандемия басталған кезде шекаралар жабылып, барлық көлік ағынында көптеген мәселе пайда болғанын байқадық, - деді Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, кез келген сауда-саттықта, соның ішінде импорт-экспортта, жеткізу мәселесі әрқашан бірінші қарастырылады: баға және жеткізу жылдамдығы. 
Бұл тауарлардың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне маңызды әсер етеді. Сондықтан мемлекеттің көлік желісі неғұрлым дамыған болса, оның қызметкерлері неғұрлым кәсіби болса, бүкіл ел бәсекеге қабілетті болады. Жақында шет елдегі адамдармен кездесетін «Қазақстанның бірінші тұлғасы» – бұл біздің стюардессалар деген қызықты сөз тіркесін естідім. Олар біздің елге келетін туристер арасында елдің имиджін «жасайды». Мен барлық көлік қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздің ауыр, бірақ осындай маңызды жұмысыңыз үшін рахмет! Баршаңызға денсаулық, өркендеу, тегіс жолдар және риза клиенттер тілеймін!, - деп құттықтауын жолдады ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы