Бақыт Сұлтанов: Халықты қолдау қолжетімділігі басты назарда

Астана, BAQ.KZ. Бүгін қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында Астана қаласы әкімі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен жиын өтті. 

«Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы халықтың әлеуетін көтеруге арналған басты бағыттарды атап көрсетіп, нақты тапсырма берді. Осы бағытта жұмыс басталып кетті, яғни республиканың барлық аймағында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған шаралар мен жаңа қолға алынған халықтың әлеуетін көтеру бағдарламасының түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта Астана қаласының әкімдігі де тиісті жұмыстарды қабылдады», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Елорда басшысының мәліметінше, Астанада 10095 көпбалалы отбасы бар, оның ішінде алтын және күміс алқаға иегері - 4688 ана, аз қамтылған 3458 адам (684 отбасы). Ал  25719 мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 5316-сы мүгедек бала.

«Қазіргі уақытта қалалық әкімдікте тұрғындардың әлеуметтік қолдау бойынша қызметтер мен шаралар әзірленді. Яғни басты мәселелерді жинақтап, 13 нақты шарасын ұсынып отырмыз. Оның алғашқы бесеуі, осы айдың 6-на Мәслихат отырысында қаралып, тиісті қаражат бөлінді. Қалған 8-і мамыр айында дайындалып ұсынылатын болады. Көріп отырғандарыңыздай, барлығы да халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған. Осы тұрғыда әлеуметтік қолдау қолжетімділігі басты назарда болады», - деді ол.

Сондай-ақ, жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған министрлік тарапынан жүзеге асырылатын шараларға тоқталды. Одан бөлек, Б.Сапарбаев көпбалалы отбасыларға қатысты шаралармен де бөлісті.

Айта кетсек, бүгін елорда әкімдігі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған 13 шараны белгіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы