Сұлтанов: Қазақстанда да жақсы тауарлар өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы, тіпті интернет – дүкендерді ешқашан пайдаланбаған адамдар да электронды сауда опцияларын игере бастады: кейбіреулері интернет арқылы өз тауарларын сатуға қойса, басқалары сатып ала бастады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, тек Қазақстанда ғана электрондық коммерция нарығы екі есе дерлік өскен (2019 жылға қарай өсім 90%-дан асты).
Әлемде қарқын, әрине, сәл төмен. Бірақ «қарапайым дүкендердің» виртуалды (онлайн) түрге өтудің жалпы тенденциясы айқын көрінеді. Бізде Қазақстанда жақсы тауарлар өндіріледі. Басқа елдердің аналогтарымен бағасы /сапасы/ талғамы бойынша бәсекеге қабілетті. (Мен қазір өнеркәсіптік тауарлар туралы да, тұтыну тауарлар туралы да айтып отырмын). Электрондық сауда порталдары, әсіресе ірі халықаралық нарық алаңдары туралы сөз болғанда, өндірушілер үшін экспортты бастау алаңына айналады, ал басқалары үшін сатылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді, - дейді ол.
Сауда министрлігі біздің экспорттаушыларға, соның ішінде осындай онлайн-базарларды игеруге барынша қолдау көрсетеді.
Әрине, біз әрқайсысын қолмен жетелей алмаймыз. Бірақ біз онлайн сауда алаңдарына қалай кіруге және бәсекелесуге үйрете аламыз. Осы мақсатпен QazTrade-те арнайы бөлім құрылды. Біз Amazon және Rakuten сияқты әлемдік алпауыттардың алаңдарына өнім шығару бойынша кәсіпкерлерге арналған қадамдық нұсқаулықтарды әзірлеуді аяқтадық. Бизнесмендер үшін осы сауда алаңының тиімділігін де, тап болуы мүмкін ықтимал кедергілерді де барынша қол жетімді етіп жазуға тырыстық. Мысалы, Rakuten платформасында орыс тілді қолдау жоқ және комиссия алымдары жоғары. Ал Amazon-да біздің еліміз әлі тексерілмеген, бұл логистиканы қиындатады. Қазір біз бұл мәселені шешумен тығыз айналысудамыз, - дейді министр.
Ол Alibaba-мен белсенді жұмыс істеп жатқандарын айтты.
Екі жылдан бері компанияларға алтын шоттардың иелері болуға көмектескен болатынбыз. Бірінші кезеңнің кәсіпорындары (2020 ж. наурыз) 17 млн. $ өнімді экспорттай алды, екінші кезеңде - 230 мың$ экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.Таяу уақытта біз үшінші кезеңге компанияларды іріктеу туралы жариялаймыз. Осы жылы біз халықаралық нарық алаңдарымен ынтымақтастық бойынша үлкен жоспарлар жасадық, - дейді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, министр электрондық сауданы дамытудың өзектілігі туралы бұған дейін де талқылағанын атап өтті.
Бұл қазіргі заманғы әлемдік карантиндік жағдайдағы еліміздегі оның өткен жылы көлемінің екі есеге ұлғаюымен расталды. Енді процестерді жетілдіру мәселесі маңызды. Бұл жерде бізге "цифрланған" елдердің тәжірибесі қажет болады. Сауда және интеграция министрлігінің жанынан желтоқсан айында цифрлық сауда бойынша Консультативтік кеңес құрылды. Оның қатысушылары біздің халықаралық серіктестер (WEF, R3, Shopify, Stripe, Mastercard, Visa, Singapore Cooperation Enterprise, BCG) және электронды коммерция нарығының жергілікті қатысушылары болды (Kaspi.kz, Chocolife, Arbuz.kz). Кеңестің басты мақсаты - электрондық сауда саласындағы цифрлық бастамаларды дамыту бойынша стратегиялық қолдау және тәжірибе алмасу, - дейді ол.
Бүгін Кеңестің алғашқы отырысы өтіп, Қазақстанда цифрлық сауданы дамытудың негізгі бағыттарын талқыланды.
Алғашқы әзірлемелерімізді көрсетіп, негізгі даму жоспарларымызбен бөлістік. Консультативтік кеңестегі серіктестеріміз өздерінің бағаларын, пікірлері мен ұсыныстарын берді. Бұл бастама серіктестерімізбен өзара қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстанда жаңа бастамаларды құру мен іске асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Мен сіздерге, достар, серіктестеріміздің кеңестері және бірге атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп баяндауды жалғастырамын, - деп жазды министр өз парақшасында.