Сұлтанов: Қазақстан "вето" құқығын егемендік құқығы ретінде қарастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ЕАЭО елдерінің өзара саудасындағы кедергілерді жою жоғары деңгейдегі талқылаудың орталық мәселесі.

Ағымдағы кеңес барысында металл сынықтары нарығын реттеуге ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Беларусиядағы сынықтардың экспортын реттеу шаралары кедергі деп танылған алқа шешімдерінің төңірегінде пікірталас өрбіді.

Қазақстан сынықтарды шығару кезінде автокөлік құралдарын пайдалануға шектеу қойды. Шара Металл сынықтарының көлеңкелі айналымына қарсы кешенді күрестің бөлігі болып табылады және Шартқа мүлдем қайшы келмейді. Жыл сайын сынықтардың көлеңкелі айналымы 3,5 млрд теңгеден астам сомада мемлекеттік бюджеттің жоғалуына әкеп соғады, - деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында. 

Ол, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ЕЭК-тің сынықтарды ҚР-дан автомобильдермен әкетуге тыйым салуды кедергі деп тану туралы шешіміне вето қойғанын түсіндірді.

Бақыт Сұлтанов түсіндіргендей, бүгінде ЕАЭО елдерінің барлығы қара металл сынықтары мен қалдықтарының экспортын шектеудің түрлі шараларын қолдануда. 

Мысалы, Беларуссияда сынықтарды экспорттау үшін Үкіметтің арнайы рұқсатын алу керек. Армения мен Қырғызстан металл сынықтарын жарты жылға шығаруға тыйым салды - деді ол.

Қазақстандық тарап ЕАЭО-дағы сынықтар айналымының ішкі нарығын қанағаттандыруға экспорттық ағындарды елдердің қайта өңдеу кәсіпорындарының қажеттіліктеріне қайта бағыттау есебінен қол жеткізілуге тиіс деп санайды.

Егер ішкі нарықта тапшылық болса, онда біздің елдер бірлескен күш-жігермен нарықты теңдестіре алады. Бірақ егер сынықтар тапшылығы бар жекелеген елдер өз кәсіпорындарын жүктеу үшін оны белсенді түрде Үшінші елдерге әкетуді жалғастырса, онда сынықтарды ЕАЭО бойынша серіктестерден өз өнеркәсібіне залал келтіре отырып, сөзсіз жеткізуді талап етуге негіз жоқ, - деп мәлімдеді Сұлтанов. 

ҚР, РА, КР, РБ сынықтарын көбінесе Ресей Федерациясының кәсіпорындары тұтынады. Ал ресейлік сынықтар алыс шетелге "кетеді".

Қазіргі уақытта Мәскеу өз сынықтарын Үшінші елдерге экспорттауға тосқауыл қоя бастады: 31 қаңтардан бастап 180 күнге дейін сынықтарды экспорттауға экспорттық кедендік баждың жоғарылатылған ставкасы іске қосылды, бұл саланың экспорттық тартымдылығын төмендетуі керек.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша Тараптар бестік үшін де, екіжақты форматта да қосымша консультациялар өткізуге уағдаласты, оның барысында елдер осы стратегиялық шикізаттың ішкі теңгерімдері туралы уағдаласуға тиіс.

Күн тәртібіндегі тағы бір өзекті мәселе ЕАЭО елінің сауда шараларына "вето" қолдану тақырыбы болды.

Қазақстан "вето" құқығын мемлекеттің сөзсіз егемендік құқығы ретінде қарастырады. Ол алқаның біздің экономикалық мүдделерімізге қайшы келетін шешімдер қабылдауына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл ретте сауда шараларына "вето" құқығын қолданудың түсінікті ережелері болуға тиіс, өйткені мұндай шараларды қолдану ДСҰ халықаралық құқығымен нақты реттелген,- деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Келіссөздердің қорытындысы елдердің сауда шаралары жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне "вето" қолдану регламенті жобасының іс жүзінде барлық тармақтары бойынша ымыраға қол жеткізуі болды.

Тараптар, сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық - асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібін және ЕАЭО елдеріндегі макроэкономикалық жағдай туралы баяндаманы келісті. Бұл уағдаластықтар ЕАЭО нарығының одан әрі дамуының көкжиегін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, үкімет басшылары ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі лауазымына Руслан Бақытжанұлы Бекетаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы