Сұлтанов ірі базарлардың қызметін ретке келтіру туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.
Алматы қаласына РФ мен Қырғыз республикасының тиісті қызметтерінің басшылары шақырылған.Сонымен қатар агломерациялық әкімшіліктерімен бірлесіп Алматы қаласының әкімдігінде сауда саласын дамыту бойынша кеңес өткізіледі, - деді ол.
Министр қазір министрлік пен Алматы облысы мен қаласы әкімдіктері бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп сауда объектілерін оның ішінде ірі базарлардың қызметін ретке келтіру және одан әрі дамыту мәселелерін пысықтауда. Ұсыныстар цифрландыруды ескере отырып, жаңғыртуға және халықтың мүдделері ескеріліп, сауда операцияларын заңдастыруға бағытталады, - деді ол.
Сұлтанов айтқандай, мемлекеттік органдардың жұмыс бағыты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға бағдарланады.