Сұлтанов Халықаралық сауда орталығының атқарушы директорымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Халықаралық сауда орталығының атқарушы директоры Памела Кок-Гамильтонмен кездесті. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Халықаралық сауда орталығы –Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бірлескен жобасы. Ол ең алдымен әр түрлі елдердегі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Оның ішінде Қазақстанда да бар. Біз орталықпен көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Мысалы, Қазақстан, Ресей және Беларуссиядан экспортты дамытудың аймақтық бағдарламасын және елдің ДСҰ-ға кіру процесінде қазақстандық кәсіпкерлерді оқыту жобасын іске асыру арқылы. Сондай-ақ, Қазақстандағы сауда қажеттіліктерін бағалау бойынша қызықты жоба болды (оның Халықаралық сауда орталығы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықта жүзеге асырған болатын). Қазіргі уақытта Қазақстан, Халықаралық сауда орталығы және Қытай қоры арасында "Оңтүстік-Оңтүстік" ынтымақтастығын ілгерілету бойынша үшжақты жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Біздің қызығушылығымыз-қазақстандық экспортты Қытайға әртараптандыру - деді министр.
Министрдің айтуына қарағанда, Еуропалық Одақтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің саудасын тереңдету жөніндегі тағы бір бірлескен жоба бар.
Жалпы алғанда, Халықаралық сауда орталығымен тығыз жұмыс істеудеміз. Кок Гамильтон ханыммен кездесуде біз қазіргі жобаларымызды ғана емес, сонымен бірге әлемдік саудадағы "пандемия" жағдайын да талқыладық. Әсіресе, электрондық сауданы дамыту аясын кызу талқыладық. Мен қазіргі уақытта ХСО-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобаларды талдаумен және электрондық сауда бойынша Қазақстанның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен толықтыруды ұсындым. Электрондық коммерцияның қарқынды өсуіне байланысты, тиісті реттеуші базаны орнатуды талап еткенін ескере отырып, біздің еліміз үшін маңызды екені айдан анық - дейді Бақыт Сұлтанов.
Ол Кок Гамильтонның бұл идеяны қолдағанын айтты.
Біз бірлескен шешімдерді іздеу үшін жеке сараптамалық кездесулер өткізуге келістік. Осы жобаларды іске асыру біздің кәсіпорындарымыздың ЕО нарығына шығуына, электрондық сауданы дамытуға және тұтастай алғанда Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға жәрдемдесетін болады деп сенемін - деді министр.