Сұлтанов: Біз үшін Моңғолия - "аз зерттелген" нарық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда қатынасы жайлы ойымен бөлісті.

Кеше онлайн режимде Моңғолиядағы әріптестеріммен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Біз үшін Моңғолия - "аз зерттелген" нарық. Өткен жылы өзара тауар айналымы бар – жоғы 60 миллион АҚШ долларын құрады. Осы жылы корона дағдарысқа байланысты одан да төмен болады. Ал сауданы кеңейту әлеуеті бізде өте жақсы деңгейде - деді министр.

Қазіргі таңда, Қазақстаннан Моңғолияға рапс және майлы дақылдар, темекі, нан, ұн және кондитерлік өнімдер, йогурт, айран мен майсыздандырылған кілегей экспортталады. 

Биыл Ұлан-Баторға мұнай өнімдерін жеткізу көлемі артты. Сонымен қатар, біз 45-тен астам тауар атауының экспортын 220,4 млн АҚШ долларына арттыра аламыз, бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау, фармацевтика салаларының өнімдері, құрылыс тауарлары. Біз Ұлан-Батордың мэриясы үшін Қазақстанда шығарылған жолаушылар мен мектеп автобустарын жеткізуге дайынбыз. Және де, қазақстандық өндірістің жылжымалы құрамы мен теміржол өнімдерін: локомотивтерді, жүк вагондарын, рельстерді («KazakhExport» қаржылық және сақтандыру құралдарын қолдана отырып) жеткізу мүмкіндігін талқылауға дайынбыз. Біз өз ҮАК-нің тең төрағасы, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аюушиин Ариунзаямен 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін Жол картасына қол қою қажеттілігін талқыладық. Сонымен қатар біз қазақ-монғол іскерлік кеңесін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл іскерлік байланыстар орнатуға және бизнес мүмкіндіктері мен бірлескен жобалар туралы ақпарат алмасуға жақсы алаң болады - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда, кооперация бойынша өте жақсы ілгерілеу бар.

Қазір жалпы сомасы 52,6 млн АҚШ долларын құрайтын «Экспортқа терең өңдей отырып, алыстағы жайылымдық қой шаруашылығын дамыту үшін мега-ферма құру» ("Qazaq Steppe Sheep" ЖШС) ірі жобасы іске асырылуда, тағы екі жоба, айта кетсек: «Ферросиликоалюминиум» инновациялық қорытпасын шығаратын зауыттың құрылысы және «Ветеринариялық дәрі-дәрмектер өндірісі және мал дәрігерлерін оқыту орталықтарын құру» жоспарланған. Пандемия аяқталғаннан кейін аталған жобалар іске қосылады деп үміттенемін. Қазақстан да Моңғолияға инвестиция құюда. Өткен жылы біздің және моңғол компаниялары Моңғолияда алтын мен күмісті өңдейтін аффинаж зауытын толығымен салу туралы шартқа қол қойды - дейді министр.

Әрине, биыл елдер арасындағы сауда процестері күрделене түсті. 

Бірақ ковидтік қайта құру қазірдің өзінде аяқталған сияқты: мемлекеттер іскерлік ынтымақтастықты кеңейту құралдарын іздеуге оралуда. Президент Тоқаев сауда Министрлігінің алдына таяудағы бес жыл ішінде шикізаттық емес экспорт көлемін 2 есе – жылына 40 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуды міндет қойып отыр. Келесі жылы Әлем сауда белсенділігіне қайта орала бастайды және біздің шикізаттық емес экспортымыз қайтадан өседі деп ойлаймын - деді Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы