Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.
Сұлтанов атағандай, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялар арасында тауар жеткізу жөнінде нақты өңіраралық кооперацияны қамтамасыз ету қажет.Бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін шұғыл түрде келесі шараларды қабылдау қажет деп пайымдаймыз. Әкімдіктер бизнес субъектілерінің үстеме ақылар мен шекті бағалардан асып кетуіне жол бермеуге мониторинг пен бақылауды күшейтуді, сондай-ақ өңір тұрғындарына белгіленген шекті бағалар туралы хабарды дер кезінде жеткізуді тапсыруды сұраймын, - деді ол.
Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақтандыру қорларына тауарларды өзара жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ережелерге өзгерістер енгізуді тапсыруды сұраймын. Қыркүйек пен желтоқсан аралығында шекаралас елдер тарапынан көкөніске деген сұраныстың артуы байқалады. Өнімнің бақылаусыз елден шығарылуы орын алған жағдайда, осы тауарлар экспортын квоталауды енгізу қажет, - деді ол.
Сұлтанов атағандай, көкөніс пен жеміс-жидек қоймаларының физикалық және моральдық тұрғыдан ескіргенін ескере отырып, инвестициялық субсидиялау нормасын 25%-тен 50%-ке дейін ұлғайту қажет.
Бұл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау яасында қажет және бизнесті ынталандыруға, егінді жеткілікті мөлшерде сақтауға және бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді, - деді ол.