«Made in Kazakhstan» өнімдері ерекше қызығушылық тудырады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 35 қазақстандық азық-түлік өндіруші өз өнімдерін 3-ші Шанхай импорттық CIIE-2020 көрмесінде ұсынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ұлттық павильон бүгін ашылды, оған 30-дан астам ресми делегациялар келді.
Шанхай көрмесі - бұл компаниялар үшін өз мүмкіндіктерін көрсетуге, әлеуетті клиенттерді табуға және экспорт географиясын кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Қытай - үлкен мүмкіндіктер елі. Мұнда үлкен нарық және халықтың жақсы сатып алу қабілеті бар. Сондықтан іс – шараға қызығушылық жоғары деңгейде. Осы жылы, көрмеге 400 мың қатысушы тіркеліп, әлемнің 124 елі мен өңірлерінен 2,5 мыңнан астам қатысушылар өз тауарларын ұсынуда. Әрине, қазір жағдай «ерекше». Ковидтік шектеулерге байланысты көптеген қатысушылар CIIE-2020 көрмесіне келе алмағандықтан, тек өз өнімдерін жіберіп, тауар нұсқасын онлайн режимінде ұсынуда. Алайда, ұсынылатын тауарлар карантиндік шектеуде: «тауардың дәмін татпай, тек қана көріге болады», - деп жазды министр.
Өзінің қолжетімді бағасы мен жоғары сапалы органикалық өнім ретінде көрсете білген «Made in Kazakhstan» өнімдері тұтынушылар арасында ерекше қызығушылық тудырады.
Мен 35 компанияның 27-сі біз осы жылы іске қосқан экспортты жеделдету бағдарламасының алғашқы түлектері болғанына өте қуаныштымын. Бұл кәсіпорындардың барлығын біз, Қытай нарығына шығу үшін мақсатты түрде дайындадық. Оларды Қытай нарығы бойынша халықаралық сарапшылар оқытып, нарыққа қол жеткізудің ерекшеліктері, сонымен қатар, жарнама мен бәсекелестіктің жергілікті қыр-сыры туралы кеңес берілді. Әр компания өз сатып алушысын табады деген үміттемін, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.
Ол Қытайдағы 6 ірі сауда желісі мен дистрибьюторлары арасында келіссөздер бастағандығын айтты.
Біз қазірдің өзінде Қытайдағы 6 ірі сауда желілері мен дистрибьюторларымен келіссөздер бастадық: Олар: Yonghui Superstores, China Resources Vanguard, RT-Mart, Walmart, Metro, Guangzhou shi Quan Dou Wang Food Stuff., Ltd және Aussino World Wines and Spirits. Аталған сауда желілеріне кіру , акселерация бағдарламасының тиімділігін барынша арттыруға және Қытайға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің кәсіпорындар өндірісті ұлғайтуға және Қытайға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге дайын. Көрме енді ғана ашылғанын ескере отырып, біз PricewaterhouseCoopers China серіктестеріміздің көмегімен біздің кәсіпорындар CIIE-2020 көрмесі аяқталғаннан кейін, Қытайдың әлеуетті сатып алушыларымен бизнес-келіссөздерді (онлайн форматта) жүргізуді жалғастыратындығына келістік. Қытай бағытындағы экспорттық позицияларымызды барынша нығайту - біздің негізгі мақсатымыз .Бұл мақсатты іске асыру үшін, біздің кәсіпкерлердің қызығушылығы мен үлкен әлеуеттілігі және мемелекеттік қолдау көрсету құралдары қарастырылған, - деп жазды ол.