Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-ші раундта нокаутқа түсірді.
Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрлігі әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді
Өзгелердің жаңалығы