Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевпен қоштасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұлтан Сартаев Қазақстан Конституциясын құрудың бастауында тұрған ғалым, заң ғылымдарының докторы болатын.
Барша алматылықтардың атынан Сұлтан Сартаевтың отбасы мен жақындарына қолдау көрсетіп, көңіл айтқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуына зор үлес қосқанын атап өтті.
Сұлтан Сартайұлының Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі зор. Ол – үлкен мұра қалдырған, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды тәрбиелеп отырған заң және құқықтық саланың көрнекті қайраткерлерінің бірі, - деді қала әкімі.
Ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, байырғы халықтар мен этникалық азшылықтар Қазақ халықаралық қорының президенті, Қазақстан заңгерлері қауымдастығының вице-президенті Сұлтан Сартаев Қазақстан Конституциясын құрудың бастауында тұрған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында күн электр станциясы іске қосылды
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы